Қазақстан ұлттық құрамасы мен ресейлік «Ростов» командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов әлем футболының жарық жұлдыздарымен жолықты, деп хабарлайды prosports.kz.

Англиялық «Ливерпуль» футбол клубы Испанияның Марбелье қаласына төрт күндік қысқа жаттығу жиынына келген. Осы орайда дәл осы қалада маусым алды оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ростов» ойыншыларына әлемдік жұлдыздармен кездесудің сәті түсті.

Осы қатарда ресейлік команда сапында доп тебетін Бахтиер де «Ливерпуль» ойыншыларымен суретке түсті.

Зайнутдинов Instagram желісіндегі жеке парақшасында Мохамед Салах, Джордан Хендерсон, Садио Мане, Алекс Окслейд-Чемберлен қатарлы футболшылармен бірге түскен суреттерін жүктеді.