«Ордабасы» футбол клубының баспасөз-қызметкері Ілияс Жолдас «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында маусымаралықтағы жаңалықтар туралы баяндады.

- Кеше ғана Түркияда өткен ОЖЖ-нан оралдық, - деп бастады Ілияс Жолдас.

Командадан кімдер кетті, кімдер қалды?

- Мансұр Гуйе, Коллинс Бабатунде, Мохаммед Арури мен Андрей Карпович клубпен қош айтысты. Абдулай Диакате, Дауренбек Тажимбетов пен Павел Черны команда сапын толықтырды.

- Карпович Пасулькомен сөзге келіспей қалып па еді?

- Негізі оның келісімшарты аяқталған. Командада қалғысы келіп еді, клуб басшылығы шартты ұзарттудан бас тарты.

- Касьянов пен Посулько достасты ма?

- Иә. Касьянов енді негізгі құрамда ойнайды.

- Келесі жаттығу жиыны қашан?

- 23-ші ақпан күні қайтадан Түркияға ұшып кетеміз, бұйыртса. Наурыздың басында қайтып келмекшіміз.