Бүгін, 12 ақпанда, теннистен Федерация кубогының ІІ Әлемдік топтың плей-офф кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеребе нәтижесіне сай, Қазақстан құрамасы Ұлыбритания теннисшілерімен кездесетін болды. Матчтар 20 және 21 сәуірде Ұлыбританияда өтеді.