«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Владимир Никитенко «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында киевтік «Динамоның» бұрынғы шабуылшысы Артем Милевский клубта байқаудан өткенін айтты. 
 
- Владимир Андреевич, Милевский «Ақтөбеде» байқауда болды деген рас па? 
 
- Қалай демес екен, біздің клубта көптеген футболшылар байқаудан өтеді. Қатарында Милевский де болды.
 
- Ойыншы көңіліңізден шықпады ма? 
 
- Милевский - жақсы ойыншы. Бірақ, қазіргі таңда оның позициясында ойнайтын басқа футболшыларымыз бар.