Сахалинде (Ресей) өткен «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындарда қазақстандық жас шорт-трекшілер эстафеталық жарыста жүлде алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Instagram әлеуметтік желісіндегі shorttrackkz парақшасында жазылған ақпаратқа сүйенсек, аталған жарыста жастарымыз алтын медаль иеленген. Ал қыздар құрамасы екінші орынға табан тіреген.