«Ювентустің» бас бапкері Антонио Конте Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капеллоның айтқан сөздеріне жауап берді.
 
«Жуырда ол көптеген тақырыпты қозғап, талай әңгіме айтады. Оның сөзіне сүйенсек біз әуесқой лигада ойнайтын секілдіміз. Мен «Ювентустың» бас бапкері атанғаннан кейін, ол «Ювентус» жайлы жиі пікір білдіретін болды. Бәлкім оған біздің статистикамыз бен рекордтарымыз тыныштық бермей жүрген шығар. «Кәрі синьораның» бұрынғы бапкерлері Марчелло Липпи мен Джованни Трапаттони бізге ылғи да құрмет көрсетеді, ал Каппело – керісінше, көре алмайтын секілді. 
 
Бізді талқылағанша Ресейді қалай әлем чемпионатына алып шығуға болатынын ойласын. Оның орнында болсам артық сөйлеп, көкке көкімес едім. Менің қателіктерімді айтатын, Каппело кім еді?! – деді «Ювенің» бапкері Football Italia басылымына.