Бүгін Қостанайда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біріншіліктің алғашы турындағы матчтар 11 наурызда өтеді.

Ел чемпионы «Астана» маусымның жаңа чемпионатын «Ақтөбеге» қарсы ойынмен бастайды. Ал шымкенттік «Ордабасы» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды. Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен «Атырау» күш сынаспақ.

Ал былтырғы маусымның қола жүлдегері «Тобыл» Қостанайда павлодарлық «Ертіспен» кездеседі. Талдықорғандық «Жетісу» болса, бірінші турда биыл Премьер-лигаға қайта оралған көкшетаулық «Оқжетпеспен» ойнайды. Алматылық «Қайратқа» да төменгі дивизионнан көтерілген команда түсті. Вице-чемпиондар өз алаңында «Таразды» қабылдайды.