«Тобыл» футбол клубы үшінші оқу-жаттығу жиыны аясында үш жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр, деп жазады prosports.kz.

Қостанайлық клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, жаттығу жиыны Түркияның Белек қаласында өтіп жатыр.

15 ақпанда «Тобыл» Донецк қаласының «Олимпик» командасымен кездеседі. 4 күн өткеннен кейін ресейлік «Рубин» командасымен, 24 ақпан Беларусь елінің «Городея» клубымен ойнайды.

«Тобылдың» үшінші жаттығуы 25 ақпанға дейін жалғасады.