Бүгін Испания жерінде «Валенсия Вуэльтасы» көпкүндігінің бесінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды prosports.kz.

Соңғы кезеңде Team Jumbo-Visma командасының голландиялық шабандозы Дилан Грюневеген топ жарды. UAE-Team Emirates шабандозы Александр Кристофф екінші, Mitchelton-Scott өкілі Маттео Треттин үшінші болып келді.

Ал «Астана» командасының испаниялық шабандозы Йон Исагирре жалпы есепте көш бастады. Сөйтіп, испан спортшысы елодалық клуб сапындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Назарларыңызға осы жарыс күнінің видеошолуын ұсынамыз: