Әлемнің жетінші ракеткасы чехиялық теннисші Томаш Бердых хорватиялық Марин Чиличті ұтып, карьерасындағы тоғызыншы титулына қол жеткізді.

Бірінші сет 6:4 есебімен чехтың пайдасына аяқталды. Екінші сетте Бердых мықты ойын көрсетіп 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Бердых Чиличті 6:4, 6:2 есебімен ұтты.