Қазақстанда дүниеге келген неміс боксшысы Кристина Хаммер (23-0, 10 КО) кезекті жекпе-жегін өткізді.

Ол Берлиндегі Verti Music Hall залында рингке шыққан. Хаммердің қарсыласы грузин боксшысы Елена Сикмашвили (8-7, 4 КО) болды. Кристина екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Хаммер үшін бұл кездесу кәсіби карьерасындағы 24-ші жеңіспен аяқталды. Ол орташа салмақта WBC және WBO бойынша әлем чемпионы, бірақ бұл жекпе-жекте титул үшін таласпады. Маусым айында Кристина америкалық Тори Нельсонді (19-2-3, 3 КО) төрешілердің шешімімен ұтып, белбеулерін қорғаған еді.

Кристина Хаммер Қарағанды облысында дүниеге келген. Кішкентай кезінде ата-анасымен бірге Германияға қоныс аударды — қазір Дортмунд қаласында тұрады.