Қазақстандық теннисші Александр Бублик Венгрия астанасы Будапеште өтіп жатқан челленджер турнирінің жартылай финалында словакиялық Филип Хоранскимен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бір сағатта жуық уақытқа созылған бәсекеде қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:0 есебімен жеңді.

Енді Александр Бублик финалда италиялық теннисші Роберто Маркорамен бас жүлдені сарапқа салады.