Хоккейден Сочи Олимпиадасында А тобындағы соңғы турдың ойындары ойналды. АҚШ Словениядан басым түссе, Ресей булит сериясында Словакияны ұтты.

Ресей мен Словакия арасындағы кездесудің негізгі уақытында шайба соғылмады. Ойын соңындағы булия сериясында Александр Радулов пен Илья Ковальчук ресейліктерге жеңіс сыйлады.

Ресей — Словакия 1:0 Б (0:0, 0:0, 0:0, 0:0, 1:0)

1:0 — Радулов — 65:00, ЖБ

Қақпашылар: Варламов — Лацо

А тобындағы екінші кездесуде АҚШ пен Словения құрамалары «Шайба» мұз айдынына шықты. Америкалықтар бұл кездесуде басым жеңіске жетіп, өз тобында бірінші орынды сақтап қалды. Фил Кессел хит-триктің авторы атанды.  

Словения — АҚШ 1:5 (0:2, 0:2, 1:1)

0:1 — Кессел (Павелски) — 01:04

0:2 — Кессел (Павелски, Орпик) — 04:33

0:3 — Кессел (ван Римсдайк, Павелски) — 31:05

0:4 — Макдона (Уилер, Оши) — 32:17

0:5 — Бэйкс (Кэллахэн, Браун) — 43:26

1:5 — М. Родман (Д. Родман, Урбас) — 59:42

Қақпашылар: Грачнар — Миллер