Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» кезекті ойынын Воткинскіде «Знамя-Удмуртия» командасымен өткізді.

Бұл Николай Шавалдин жаттықтыратын оралдықтар маусымдағы соңғы ойыны еді. Екінші топта көш бастап келе жатқан «Знамя-Удмуртия» біршама тартысты өткен матчта 2:0 есебімен жеңіске жетті. Швециядағы әлем біріншілігінен кейін Қазан мен Воткинскіде төрт ойын өткізген «Ақжайық» енді Оралға қайтады.