Түркияда төртінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүрген «Астана» футбол клубы бірінші жолдастық кездесуін өткізбек.

Елордалықтар 17-ші ақпан күні ОЖЖ-да бірінші жолдастық кездесуінде украинаның «Заря» командасымен күш сынаспақ. Юрия Вернидуб жаттықтыратын команда қазіргі таңда украина Премьер-лигасында жетінші орында келеді.

«Заря» сапында қазақстандық жанкүйерлерге танымал, былтырғы маусымды «Қайрат» сапында өткізген ганалық футболшы Даниель Аддо ойнайды. Бұдан өзге, лугандық командада Украина чемпионатындағы үздік бомбардирлердің бірі Кот д’Ивуарлық шабуылшы Янника Боли өнер көрсетеді », - деп хабарлайды «Астана» ФК ресми сайты.