Алматылық «Қайрат» футзал клубы ел біріншілігінің 12-ші туры аясында қарағандылық «Тұлпарды» тас-талқан етті.  

Кездесу 8:1 есебімен аяқталды. Айта кетер жайт, кеше ғана Әміржан Мұқановтың командасы алматылықтарды ұтуға жақын 0fkcf, бұл жолы ірі есеппен жеңілуге мәжбүр болды.

Бірінші таймды Какау шәкірттері  4:0 есебімен жеңіп, үзіліске жақсы көңіл-күймен кетті. Жоан, Фумаса, Барон және Николай Пенгрин бір-бір голдан соққан.

Ал екінші таймда «Қайрат» кеншілер қақпасына тағы төрт гол соғып үлгерді, «Тұлпар» болса Дугластың арқасында бір гол қайтарды.

Естеріңізге сала кетсек, алматылықтар «Тұлпарды» УЕФА кубогының элиталы кезеңінде  тұра осындай есеппен  ұтқан болатын.    

Футзалдан Қазақстан чемпионаты. 12-ші тур.

«Қайрат»-«Тұлпар» - 8:1 (4:0)

Голдар: Жоан 3, Фумаса 5, Барон 9, Пенгрин 17, 32, Фумаса 26, Сүлейменов 28, Алешандре 36 — Дуглас 31

«Кайрат»: Халявин, Игита, Жаманқұлов, Пенгрин, Сүлейменов, Фумаса, Лео, Алешандре, Мұрзабаев, Қосмұхамбетов, Барон, Парух, Жоан, Балтабаев

«Тұлпар»: Жеронимо, Мун, Гребонос, Талес, Алекс, Першин, Шорин, Есенаманов, Довгань, Таку, Дуглас, Тихонов, Алин

Төрешілер: Салимов, Галаев

15-ші ақпан 2014.«Қайрат» СК. Алматы.