Бүгін Қазақстан қыздар құрамасы Қытаймен ІІ Әлемдік топтың плей-офф жолдамасына таласады, деп хабарлайды Proports.kz.

Қазақстандық теннисшілер Азия/Океания аймағындағы А тобында Таиланд пен Үндістанды жеңіп, өз тобында бірінші орын алған болатын. Енді бүгін В тобында топ жарған Қытай құрамасымен күш сынасады.

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады. Оны тікелей эфирде QazSport телеарнасы көрсетеді.