Бразилиялық «Фламенго» клубы базасында болған өрттен жас футболшылар қаза болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Фламенго» клубының жаттығу базасы Рио-де-Жанейро аумағында орналасқан. Өрттен 10 адам қаза болған. Оның алтауы - жас футболшылар.

Қайтыс болғандар - 15 жасар Бернардо Писетта, Кристиан Эсмерио, Атила Паишау, 14 жасар Артур Виниций, Пабло Энрике, Виктор Исайя.