Бүгін, 8 ақпанда Қазақстан құрамасы теннистен Федерация Кубогы аясында Үнді еліне қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші матчта қазақстандық Зарина Дияс Карман Каур Тандимен кездесіп, оны 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Диястың матчын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады. Кейіннен белгілі болғандай, Елбасы теннисшіге Cartier сағатын сыйға тартқан екен.