Франциялық теннисші, 2007 жылғы Уимблдон жеңімпазы Арно Клеман Ресейдегі турнирде матчты сатуға ұсыныс түскенін айтты.

«Кремль кубогында бір адам маған кешкі матчым үшін 50 мың доллар ұсынды. Ол маған «Ақшаны ойын алдында аласың» деп айтты. Мұндай жағдайға бұрын кездеспеген едім. Бұл ұсыныс мені қызықтырмайтынын айтып, матчты жеңіп алдым», - деді Клеман.

Айта кетейік, 41 жастағы Арно Клеман мансабын 2012 жылы аяқтаған болатын. Кремль кубогына соңғы рет 2006 жылы қатысты.