Украиналық «Ворскланың» қорғаушысы Наджиб Якубу қазір алматылық «Қайратта» қаралымда жүр.

«Ворсклада» ойнайтын Якубу «Қайраттың» Түркиядағы жиынында көрініп қалғаны таңқалдырды. Бұл ақша үшін жасалған трансфер болғаны ма?!», - деп жазды журналист Кирилл Крыжановский.

Ганалық қорғаушы «Ворскла» сапына былтыр қыркүйекте ауысқан болатын. 18 жасар ойыншы оған дейін нигериялық «Нигер Торнадос» құрамында доп тепті. Transfermarkt.de сайты ойыншыны 400 мың еуроға бағалаған.