Сочи Олимпиадасында шайбалық хоккейден алғашқы плей-офф кезеңіне шыққан команда анықталды. Швеция құрамасы С тобында топ жарды.

Швецияның хоккейшілері топтық кезеңдегі барлық кездесулерінде жеңіске жетті. Бұл жолы да шведтер С тобындағы соңғы команда Латвия құрамасынан басым түсті.

Швеция — Латвия 5:3 (1:1, 3:1, 1:1)

1:0 — Берглунд (Карлссон, Стин) — 15:50

1:1 — Дарзиньш (Спруктс, Сотниекс) — 18:48

1:2 — Спруктс (К. Редлихс, Карсумс) — 21:22

2:2 — Карлссон (Бекстрем, Альфредссон) — 22:45

3:2 — Альфредссон (Д. Седин, Эдлер) — 36:14

4:2 — Эрикссон (Экман-Ларссон, Сильверберг) — 38:47

4:3 — Гиргенсонс (Даугавиньш, Фрейбергс) — 41:28

5:3 — Эдлер (Д. Седин, Юханссон) — 52:20 

Қақпашылар: Лундквист — Гудлевскис

Ал Швейцария құрамасы барлық ойындарын 1:0 есебімен аяқтауды жалғастыруда. Бұл жолы да швейцариялықтар Чехияның қақпасына бір ғана шайба соқты. Симон Бонденман жеңісті голдың авторы атанды. Осы жеңістің арқасында Швейцариялықтар алты ұпаймен С тобында екінші орында жайғастыСоч. Чехиялықтар болса үш ұпаймен үшінші орында.    

Швейцария — Чехия 1:0 (1:0, 0:0, 0:0)

1:0 — Боденман (Холленштайн, Роми) — 14:10