Бүгін Испания жерінде өтіп жатқан «Валенсия Вуэльтасы» көпкүндігінің екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұл кезеңде Mitchelton-Scott командасының италиялық шабандозы Маттео Трентин топ жарды. Cofidis, Solutions Crédits шабандозы Насер Буханни екінші, Team Sky өкілі Бен Свифт үшінші болып келді.

Ал «Астана» сапынан үздік нәтижені Омар Фрайле көрсетті. Елордалықтардың испаниялық шабандозы мәре сызығын 15-ші болып кесті.

Велоспорт. Валенсия Вуэльтасы. Екінші кезең. 166 шақырым

1. Маттео Трентин (Италия, Mitchelton-Scott) – 4:10:12

2. Насер Буханни (Франция, Cofidis, Solutions Crédits) – 4:10:12

3. Бен Свифт (Великобритания, Team Sky) – 4:10:12

...15. Омар Фрайле (Испания, Astana Pro Team) - +0:02

Жалпы есеп.

1. Эдвальд Боассон Хаген (Норвегия, Dimension Data) – 4:23:07

2. Йон Исагирре (Испания,Astana Pro Team) - +00:05

3. Тони Мартин (Германия, Team Jumbo-Visma) +00:07

...6. Пельо Бильбао (Испания, Astana Pro Team) +00:12