Қазақстандық спортшы Денис Кузин Сочи Олимпиадасында 1500 метрлік қашықтықты 9-шы орында аяқтады.

Отандасымыз қашықтықты 1 минут 45,69 секундта өтті. Ол жарыс жеңімпазы польшалық Збигнув Брудкадан 0,69 секунд қана қалып қойды. Брудка мәреге голландиялық Кун Вервейден 0,003 секунд ерте келді.

Осы қашықтықта жүгірген Дмитрий Бабенко 30-шы, Александр Жигин 34-ші және Федор Мезенцев 35-ші орынды иеленді.

Конькимен жүгіру. 1500 метр. Ерлер. Олимпиада ойындары. Сочи, Ресей.

1. Збигнев Брудка (Польша) 1:45.0062. Кун Вервей (Голландия) +0,0033. Денни Моррисон (Канада) +0.22

9. Денис Кузин (Қазақстан) +0.6930. Дмитрий Бабенко (Қазақстан) +3.6734. Александр Жигин (Қазақстан) +4.4835. Федор Мезенцев (Қазақстан) +4.70