Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) 2018 жылдың ақпан айының рейтингісі жаңарды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингіде екі сатыға жоғарылап, 117-ші орынға табан тіреді.

FIFA рейтингі. Алғашқы ондық:

1 (1). Бельгия - 1727 ұпай

2 (2). Франция - 1726

3 (3). Бразилия - 1676

4 (4). Хорватия - 1634

5 (5). Англия - 1631

6 (6). Португалия - 1613

7 (7). Уругвай - 1609

8 (8). Швейцария - 1599

9 (9). Испания - 1591

10 (10). Дания - 1589

...

30 (28). Украина - 1482

50 (48). Ресей - 1424

78 (76). Беларусь - 1317

89 (95). Өзбекстан - 1275

91 (89). Грузия - 1269

95 (91). Кырғызстан - 1253

96 (96). Эстония - 1246

101 (101). Армения - 1222

108 (107). Әзірбайжан - 1206

117 (119). Қазақстан- 1159

120 (118). Тәжікстан- 1155

131 (132). Латвия - 1112

132 (133). Литва - 1111

136 (127). Түркменстан - 1089

170 (170). Молдова - 979

Айта кетейік, Ұлттық құраманың тізгінін жақында ғана чех маманы Михал Билек ұстаған болатын. Жаңа бапкердің қол астында Қазақстан құрамасы 15 ақпан күні Түркияда оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Ал 21 ақпан күні Молдова құрамасымен жолдастық матч өткізеді.