АҚШ-тың Парк-Сити қаласында өтіп жатқан фристайл мен сноубордтан әлем чемпионатында гигантты слалом бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған сында Қазақстан атынан шыққан Владислав Зуев жарысты 42-ші орынмен аяқтап, іріктеуден өте алмады.

Ал тағы бір қазақстандық спортшы Роллан Садықов мәреге жеткен жоқ.

Бұл сында ресейлік Дмитрий Логинов чемпион атанды. Күміс жүлде словакиялық Тим Мастнактың еншісінде.

Үздік үштікті неміс спортшысы Штефан Баумейстер қорытындылады.