Португалиялық бапкер Жозе Моуринью салық төлемегені үшін шартты түрде бір жылға сотталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sportbox.ru порталына сілтеме жасап.

Испан прокуратурасының мәлімдеуінше, Моуринью 2011 және 2012 жылдары «Реалды» басқарғанда салық комитетінен табысын жасырған.

56 жастағы португалиялық маман прокурормен келісіп, түрмені айыппұлға ауыстырды.