Қазақстандық сноубордшы Владислав Зуев Парк-Ситидегі (АҚШ) әлем чемпионатында параллельді үлкен слаломның іріктеуінде ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол жарыс жолын 42-ші орынмен аяқтады. Тағы бір қазақстандық Роллан Садықов жарыстан шеттетілді.

Әлем чемпионатының алтын жүлдесін ресейлік жас сноубордшы Дмитрий Логинов еншіледі.

Айта кетейік, бүгін Зуев параллельлі слалом жарысында өнер көрсетеді.