Сергей Польша чемпионатының көшбасшы командасына қарсы ойында негізгі құрамда шықты. 
 
«Корона» мен «Легия» арасындағы ойын тартысты өрбіді, қос ұжымның ойыншылары кездесу барысында қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Матчтың 58-ші минутында «Корона» бас бапкері Хосе Мартин Сергейді жартылай қорғаушы Михал Янотқа алмастырды. Артынша, «Легия» ойыншылары жеңісті голды соқты. 
 
Енді «Корона» Польша біріншілігі аясында келесі кездесуін 23-ші ақпан күні «Заглембеге» қарсы өткізеді.