Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 KO) бесінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Espabox.com сайтының тілшісі Джулиус Джулианис Жәнібек Әлімханұлы туралы пікірін білдірді.

«Қазақ өте мықты әрі соққысы жойқын. Бірақ ол аракідік емес, раунд бойы жұдырықтаса алатын еді. Бүгін қарсыласын қалаған уақытында нокаутқа түсіруге мүмкіндігі болды. Алайда ол шаршы алаңға көп уақыт өткізді», - деп жазды Твиттерде.

Жәнібектің кезекті қарсыласы қарсыласы америкалық Стивен Мартинес (18-4, 13 КО) болды. АҚШ-тың Фриско қаласында өткен жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған. Алайда бесінші раундта Жәнібек Әлімxанұлы теxникалық нокаутпен жеңіске жетті.