WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 26-шы сәуір күні кезекті жекпе-жегін өткізеді. Алайда қарсыласы осы күнге дейін белгісіз. 
 
Шетел басылымдарының мәліметіне сүйенсек, Головкиннің келесі қарсыласы 29 жастағы ирландиялық боксшы Эдни Ли болуы мүмкін.
 
«НВО телеарнасы ұсынған боксшылармен келіссөз жүргізудеміз. Жақын арада нақты бір қарсыласпен анықталамыз. 
 
Кубалық боксшы Эрисланди Лара Генамен жұдырықтасу үшін, оның промоутеріне НВО телеарнасымен келісімге келуі керек. Головкин АҚШ-та НВО арнасымен келісімшартқа отырған. Ал Лара болса Шоутайм арнасымен жұмыс істейді. Ол - мықты боксшы. Дегенмен, Головкинмен шаршы алаңға шыққысы келсе, ол НВО-мен келісімге келуі қажет. Біз тек НВО арнасында жұдырықтасатын боксшылармен келіссөздер жүргізудеміз», - деді Том Леффлер BoxingScene.com сайтына.