25 жастағы Карлос Мигель қаралымнан өту үшін қызылордалық клубтың қатарына келіп қосылды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.

Атақты «Бенфиканың» түлегі осы кезеңге дейін 6 клубтың намысын қорғаған. Карлитос есімімен таныс аяқдопшының жұлдызды сәті Кипрде өткен. Онда «Апоэл», «АЕЛ», «Анортосис» секілді белді клубтарда өнер көрсетті.

Футболшы «Қайсарға» дейін Польшаның «Висла» командасында ойнаған. Ол өз мансабында 176 ойын өткізіп, 20 гол салған.