Хоккейден Чехия құрамасы Олимпиада ойындарында қатарынан екінші рет жеңіске жетті.  Алоиз Гадамчиктің шәкірттері Латвия құрамасын тізе бүктірді.

Чехиялықтар 2 периодты бірдей есеппен ұтты - 2:1, ал үшінші кезеңде шайба соғылмады.

Чехия – Латвия 4:2 (2:1, 2:1, 0:0)

1:0 – Эрат (Крейчи, Гемски) – 10:10

1:1 – Спруктс (Редлихс, Дарзиньш) – 13:05, басымдықта

2:1 – Ягр (Жидлицки) – 19:29, басымдықта

2:2 – Васильев (Кениньш, Пуяц) – 22:45

3:2 – Ворачек (Михалек, Баринка) – 27:06

4:2 – Жидлицки (Недвед, Ганзал) – 37:02      

Қақпашылар: Павелец – Масальскис