Қазақстандық боксшы Константин Брусенский өзінің келесі кездесуін 19 ақпанда Мәскеуде өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл бокс кеші «Корстонда» өтеді. Брусенскийдің қарсыласы кім болатыны әзірше белгісіз.

Естеріңізге салсақ, Константиннің соңғы жекпе-жегі 23 желтоқсанда өткен еді. Сол кездесуде ол ресейлік Дагир Качакаевты нокаутпен ұтқан болатын.