Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игита еліміздің бас командасы үшін өткізген 50-ші матчына байланысты жанкүйерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қақпашы Instagram желісіндегі жеке парақшасында барлық қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтып, өзінің Қазақстан ұлттық құрамасында 50 матч матч өткізгенін мақтаныш тұтатынын айтқан.

Айта кетейік, кеше Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда Хорватиямен жолдастық кездесу өткізіп, 2:1 есебімен жеңген болатын.