Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Екатеринборға ауыстырылғанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басында турнир Сочиде өтеді деп жоспарланған. Кейін Ресей бокс федерациясының сұрауымен чемпионат басқа қалаға ауыстырылды.

Әлемдік дода 2019 жылы 7-21 қыркүйекте өтеді.

Айта кетейік, биыл Ресей әйелдер арасындағы әлем чемпионатын да қабылдайды. Турнир 3-13 қазан арасында Улан-Удэ қаласында өтеді.