Кеше баскетболдан Балқан лигасының тұрақты чемпионаты аясында атыраулық «Барсы» «Блокотехна» клубынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Атыраулықтар македониялық клубтан 72:85 (20:22, 13:26, 19:14, 20:23) есебімен жеңілді.

Қазақстандық команда сапында Боян Бакич үздік ойыншы атанды, ол бұл матчта 22 ұпай жинаған.