Бүгін Астанада теннистен Қазақстан құрамасы үшін Дэвис кубогының жаңа маусымы бастау алады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңі аясында біздің теннисшілер Португалия құрамасымен кездеседі. Алғашқы күні екі жекелей екі матч өтеді: Александр Бублик пен Жоао Соуза кездессе, Михаил Кукушкин мен Педро Соуза күш сынасады.

Матчтар Астана уақытымен 14:00-де басталады. Тікелей трансляцияны QazSport телеарнасы көрсетеді.