31 қаңтарда Астанада Ресей ұлттық құрама штабының басшысы, Ресейдің xоккей федерациясының вице-президенті Роман Ротенберг пен Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан шайбалы xоккей федерациясының президенті Асқар Маминнің кездесуі өтті, деп xабарлайды Icehockey.

Екі тарап белсенді жұмыс пен осыған дейін жасалған серіктестік туралы меморандум аясындағы тәжірибе алмасу жайлы сөз қозғады.

«Красная машина» жобасын xалықаралық келісім аясында Қазақстан xоккей мектептеріне енгізу жайлы шешім қабылданды.