«Ақтөбе» кезекті оқу-жаттығу жиынына кірісті. Команда осы жолы да Белек қаласында жаттықпақ.

Бүгін Түркияда ауа-райы қолайсыз болғанымен, ертеңнен бастап команда екі уақыт жаттығу жасайды. Айта кету керек, 4 ақпан күні ақтөбеліктер «Алашкерт» командасымен жолдастық кездесу өткізеді.