Воронежде Жоғары хоккей лигасы аясында жергілікті «Буран» мен өскемендік «Торпедо» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіске воронеждік команда қол жеткізді – 4:3. Қазақстандық клуб сапынан Максим Капитуров, Кирилл Полозов және Дмитрий Стулов шайба соқты.

Өткізген 48 ойыннан кейін «Торпедо» 52 ұпаймен турнир кестесінде 15-ші орынға жайғасты.

Өскемендіктер келесі матчын «Тамбовқа» қарсы өткізеді. Ойын 2 ақпан күні өтеді.

«Буран» (Воронеж) - «Торпедо» (Усть-Каменогорск) 4:3 (2:1, 1:1, 1:1)

1:0 — 06:52 Сидляров1:1 — 07:15 Капитуров (Шестаков, Белозёров)2:1 — 08:24 Черепуха (Кузнецов, Пушкарский)3:1 — 35:26 Круглов (Хасаншин, Прибыльский)3:2 — 36:59 Полозов (Шин, Рымарев)4:2 — 47:38 Сидляров (Сергеев, Буйницкий)4:3 — 57:21 Стулов.