«Тобыл» футбол клубы мен қорғаушы Ионуц Ларие өзара келісім бойынша келісімшартты бұзуға шешім қабылдады.

Румындық қорғаушы Қостанайға өткен жаздакелген болатын. Осы уақыт аралығында Ларие «Тобылда» 12 матч өткізіп, командамен ел чемпионатының қола медалін жеңіп алды.