Сочи Олимпиадасында жүлде күткен спортшылардың бірі Денис Кузин конькимен жүгіруден 1000 метрлік сайыста 7-ші орынды иеленді.

«Соңғы сәтке дейін қолдау білдірген жанкүйерлердің барлығына алғысымды айтамын. Әсіресе, сәтсіздіктен кейін қолдай түскендерге ықыласым шексіз. Мен қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Бірақ мен психологиялық тұрғыда дайын болмадым. Бірақ көңіл-күйімді түсірмеймін, келесі қашықтыққа дайындаламын», - деді Денис Кузин.