Қазақстандық конькимен сырғанаушы Денис Тен қобалжып тұрғанын айтты.
 
«Біраз қобалжып тұрмын. Дегенмен, жерлестерім мен отбасымның қолдауын сеземін. Менің ең басты қарсыласым – өзім ғана. Қай спорттың түрі бойынша өнер көрсетсең де, ең бастысы ішкі жан-дүниеңдегі кереғарлықты жеңе білу керек. Сонда ғана биік шыңдарды бағындырасың. Бүгін жанкүйерлердің қолдауымен бар күшімді салып жоғары нәтиже көрсетуге тырысамын. Маған қолдау көрсетіп сенім артыңыздар!», - деді Тен «Хабар» сайтына берген сұхбатында.