ҚПЛ клубтары арасында «Ережеге бағынбайтын» клубтар - «Қызыл-Жар», «Ертіс», «Жетісу», «Астана» және «Қайрат».

Аталмыш топтар қаржыны қайда жұмсап жатқанын айтқысы келмейді. 6 ай көлемінде Prosports.kz порталы жоғары лиганың клуб басшылықтарына кіріс-шығысы туралы ақпаратты сұрап, өтініш жазған болатын. Алайда, кейбір клубтар коммерциялық құпия деп алға тартса, кейбіреулері мүлдем жауап та бермеді.

«Қайрат» клубына келер болсақ, басшылық қаржылық деректерді айтпауға толық қақысы бар. Алайда, басқа ҚПЛ клубтары жергілікті бюджетпен қамтамасыз етіледі десек, ауадан ақша, жан­ға жайлы жағдай жасаудың қамымен жемқорлыққа жол беретіндер көп екенін ескеруіміз қажет.