3 ақпан күні АҚШ-тың Фриско қаласында ресейлік Сергей Ковалев пен колумбиялық Элейдер Альварес арасында жартылай ауыр салмақтағы WBO чемпиондық атағы үшін бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Қос боксшы арасындағы алғашқы жекпе-жекте ресейлік Сергей Ковалев жеңіліп, чемпиондықтан айырылған болатын.

Аталмыш бокс кешінде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы да кездесу өткізеді. Отандасымыздың қарсыласы америкалық Стивен Мартинес болмақ.

Бокс кешін 3 ақпан күні сағат 07:30-дан бастап Qazaqstan Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал, 16:30-да QAZSPORT арнасынан бокстың қайталауын көре аласыздар.