Мадридтік «Реал» мен каталондық «Барселона» Испания Патшасының кубогы аясында жартылай финалдық қарсыластарын ұтып ақтық сынға сүрінбей өтті.

«Ақсүйектер» финалға шығу жолында  «Атлетико» қақпасына жауапсыз 5 гол соқты. Ал Тата Мартино жаттықтыратын «Барселона» соңғы матчта «Реал Сосьедты» тізерлетті - 2:0.

Финалдық кездесу ақпанның 19-на жоспарланған. Ойын өтетін алаң әзірше белгісіз.