«Жетісу» футбол клубының бас бапкері Омари Тетрадзе Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа жаттықтурышысы Юрий Красножан туралы пікірімен бөлісті.
 
«Қазір Түркиядамын. Юрий Анатольевичтің тағайындалуы туралы ғаламтордан білдім. Үш-төрт ай бұрын ұлттық құраманың тізгінін Красножан ұстайды деген сыбыстар жүрген еді. Менінше, Қазақстан футбол Федерациясы дұрыс шешім қабылдады. Себебі Красножан - мықты бапкер», - деді Тетрадзе sportsdaily.ru. сайтына.