Өскеменде бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі аяқталды. Турнирге 2003-2004 жылы туған боксшылар қатысқан болатын.

Шығыс төрінде өткен бокс додасында еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген 180-ге жуық спортшы бақ сынады.

Біріншілік қорытындысы бойынша Жамбыл облысының боксшылары жалпыкомандалық есепте көш бастады (3 алтын, 3 күміс, 3 қола).

Екінші орында Алматы облысы (3 алтын, 5 қола), үшінші сатыда Түркістан облысы (2 алтын, 1 қола).

Азия чемпионатында жеңіске жеткен спортшылар жаөспірімдер құрамасына қабылданып, Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін Азия чемпионатында бақ сынайды.

Бокстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері – Аркадий Топаев.