Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Хорватиямен жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 қаңтардан 3 ақпанға дейін Қазақстан құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиыны өткізеді. Осы жаттығу жиыны аясында құрама Хорватияға қарсы қос бірдей жолдастық кездесу өткізеді.

Біріншісі 1 ақпан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Матч 18:00-де басталады.

Ал екінші ойын 2 ақпан күні «Зенит» спорт кешенінде («Бағанашыл») өтеді. Ойнның басталуы 17:00-де.

Айта кетерлігі, «Хабар» телеарнасы осы кездесулерді тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.